Мекеме тарихы

Главная / Меню сайта / Мекеме тарихы
Заказать

«Балықшы» санаторийі Оңтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің 1937 жылы 3 сәуірдегі №89 Қаулысы бойынша туберкулез дертіне шалдыққан  балаларды емдеп, сауықтыру мекемесі болып  ашылды.

    Ұлы Отан соғысы кезінде  осы сауықтыру  мекемесіне  эвакуацияланған Молдаваның «Бугоз», Украинаның  «Украина», Одессаның «Майкоп» санаторилерінен туберкулез дертіне  шалдыққан балалар эвакуацияланды, осыған байланысты 1942 жылы «Украина » санаторийі құрылды, ол 160 төсектік болатын.

    1974 жылдардан бастап жаңа ғимараттар салынып, іске қосылды, олар: 2 қабатты 150 орындық санаторийі  кешені, оның 100 орыны мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналды, сонымен бірге  50 орындық қабылдау бөлімшелері жұмыс істеді.

      Оңтүстік Қазақстан обылысы әкімінің 16.08.2001 жылғы №127 Қаулысымен «Балықшы» ауруханасында  ОҚО бойынша  өкпе және өкпеден тыс туберкулез диагнозымен белсенді  және оңалту емін қабылдаумен  қатар,  сүйек  буын туберкулезіне  күрделі ота жасау  жандандырылды.

2012 жылдың 1 қаңтарынан  «Балықшы» санаторийі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды   Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  2011 жыл 10 мамырдағы №140 Қаулысы негізінде мамандандырылған  туберкулезге қарсы «Балықшы»  санаторийі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылуы.ДСБ ның 27.03.2015 жылғы  №198-Ө  «Оңалу бөлімшесі ашылуы туралы» бұйрығына сәйкес 30 төсек-орынға арналған оңалту бөлімі ашылды. Бұл бөлімде туберкулезден кейінгі белсенділігі жоқ,  диспансерлік есептен шығарылған  науқастар,  бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарында бронхо-пульмонологиялық  бейіндегі қауіп-қатер тобында тіркелген науқастар ем қабылдайды.