Саумал тіршілік нәрі!

Главная / Меню сайта / Саумал тіршілік нәрі!
Заказать

Өз денсаулығын қадірлейтін әр адам өзінің ескі ауруларынан айыққысы келсе мамандандырылған емдік курсты қабылдау керек . Ол- күнделікті жаңа сауған саумалды ішу. Оны таза ауамен және кристалдай таза сумен қолданса , ол ағзаны тазалап қана қоймайды және ағзаның қорғаныш жүйесі қызметін жоғары көтереді .

     Саумал биологиялық тұрғыдан өте жоғары бағаланады және ағзаға тез сіңеді . Саумалды әр түрлі ауру түрлерін емдеуге қолданады және ана сүтінің алмастырушысы ретінде балалар тағамын жасауға қолданады . Бие сүті сонымен қатар косметикалық өндірісте сапалы және экологиялық таза шикізат ретінде қолданылады .

     Саумалдан аурудың алдын алу және емдік   қасиеті бар қымыз дайындалады.Саумалды тағам ретінде өте ерте кезден –ақ қолданған . Қытайда үш мың жыл бұрын оны емдік және қасиетті тағам деп бағалаған . Гиппократ (б.э.д 460-377жж) бұл сусынның көкжөтелді емдеудегі емдік қасиеттерін жоғары бағалап жазған . Ал Шығыста оны «Алла өзі қолдаған дәрі» деп атаған екен.

    Емшек еметін жас сәбилердің жіті және созылмалы ішек жұқпаларында саумалдың тигізер пайдасы өте мол. Ол ана сүті сияқты тез қорытылады . Оның құрамындағы май қышқылдары белгілі бір деңгейде қорғаныш жүйесін көтеріп, туберкулез бактерияларының дамуын тежейді, ал бұл бактериялар сиыр сүтінің майында өте тез дамиды . Әсіресе, линоль қышқылы, ол омега -3 тобына жатады.    Саумалдың құрамындағы май қышқылдары – антиоксиданттар, бактерия жойғыш, қабынуға қарсы агенттер.

     Бие сүті құрамында иммуноглобулиндердің 40 түрі, 30 түрлі дәрумендер, ферменттер, минералды заттар бар. Құрамындағы сүт ферменттері –теріні суландырып дақтарды кетіріп, ағартады. Сонымен қатар терінің жаңару процесіне дем береді.  «С» дәрумені жөнінен бие сүті бірінші орын алады.Ол ағзаның ауруға қарсы тұруын арттырады .

 «Е» дәрумені- атеросклероздың алдын алуға және емдеуге көмектесіп қандағы холестеринді азайтады.  «А»дәрумені- жүйке жүйесінің жұмысын реттейді.  «В»дәрумені ақуыз және сутегі  заталмасуларын жақсартады. Ағза үшін әсіресе «А» дәруменінің орны ерекше, ол жетіспеген жағдайда қартаю процесі күшейе түседі . Бие сүтіндегі                                                                                                                                                                                                                       дәрумендер жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады . Қорғаныш                   жүйесі төмендегенде қолдануға кеңес береді . Жаңа сауылған бие сүтінің созылмалы гепатитке де оң нәтиже бергені анықталған .

 Шетелдерде де саумалды емдік дәрі ретінде жоғары бағалауда.Мысалы: Германияда жалпы ағзаның жағдайын жақсарту үшін емдік дәм ретінде табиғат аясында қолданады . Олар қатырылған бие сүтін бөлме температурасында ерітіп, таңғы астан кейін 250 мл. 30 күн бойы ішеді. Ең пайдалы бие сүті-таңғы сүт, оның құрамында керекті пайдалы заттардың барлығы бар. Ағзаны тазалаудың емдеудің маңызы осында . 10 күннен кейін-ақ пайдасы көріне бастайды .Германияда 1литр бие сүті- 12 АҚШ долларына тең екен.

      2012 жылдан бастап біздің мамандандырылған туберкулезге қарсы  «Балықшы» санаторийінде биелер байланып, науқастарға таңертең 250-400 мл. арасында саумал беріліп жатыр .  «Саумал –денсаулық нәрі »

демекші, ішкен науқастарға оң нәтиже беруде . Қан талдаулары көрсеткіштері және ағзаның жалпы жағдайлары жақсаруда .Әрбір саумал қабылдайтын науқасқа ем алу күнделігі жүргізіледі. Науқастардың арасында саумалдың емдік қасиеті және туберкулез емі жайында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу ақпарат материалдары таратылуда.

    Туберкулезді емдеп , онкологиялық аурулардан сақтандыратын, үлкен емдік және алдын алу , ағзаны жасарту қасиеттеріне ие, саумалмен емделейік!